Қапшағайда мұз жарылып, Lexus суға кетті

Видеодан алынған кадр

Алматы облысыны? ??т?арушылары ?апша?ай су ?оймасында м?з жарылып, су астына кеткен Lexus к?лігін шы?арып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағай су қоймасында мұз жарылып, су астына кеткен Lexus көлігін шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 12 ақпанға қараған түні болған. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері жол талғамайтын көлікте үш адам болғанын, абырой болғанда, ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады. 

Реклама
Реклама

"Көлік "Голубой залив" су қоймасы маңында мұз бетімен жүріп келе жатқан, жағадан 5000 метр жерде. Олар мұздың жұқа тұсына кеп қалды. Қазір мұздың қалыңдығы - шамамен 10 сантиметр. Олар әуесқой балықшылар болса керек. Бұл туралы таңертең сағат 09:32-де хабарлады. Қазір оқиға орнында Алматы облысы ТЖД-нің УАЗ көлігін мінген төрт қызметкері: ТЖ бөлімінің басшысы мен үш құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Мұздың жұқалығынан қиындықтар туындап жатыр," - деп хабарлады ТЖ өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама