Қар, боран, жаңбыр. Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Қар, боран, жаңбыр. Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты © goodfon.ru

Синоптиктер 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорны жариялаған мәліметтер бойынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте жаңбыр жауып, сулы қарға ұласады.

"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар жауып, қатты жел мен көктайғақ күтіледі. Мұндай күрделі метеорологиялық жағдайлар Батыс Сібірдің үстіндегі терең және белсенді циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың өтуі кезінде байқалатын болады", - деп хабарлады мамандар.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында да жауын-шашынды болады. Мұнда оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар күтіліп, 24 қарашада таулы аймақтарда қар қалың түсіп, тұман, көктайғақ болып, батыс бағыттан екпінді жел соғады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама