Қарабатандағы өрт: Министрлік өкілдері өртке кімнің кінәлі екенін айтты

Е?бек ж?не халы?ты ?леуметтік ?ор?ау вице-министрі Н?ржан ?лтаев Атырау облысы ?арабатанда?ы жата?ханада шы??ан ?ртке ?атысты ж?ргізілген тергеуді? ?орытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев Атырау облысы Қарабатандағы жатақханада шыққан өртке қатысты жүргізілген тергеудің қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Комиссияның жұмысын аяқтадық. Акт бар. Бүгін комиссия жұмысының қорытындысын премьер-министрге жолдаймыз. Өрттің бірінші кезекте жұмыс берушінің қателігінен болғанын айтып кету керек. Сондай-ақ, біз төтенше жағдайлар органдарымен жұмыс істей отырып, жатақханадағы өртке  электр сымдарының қатты қызып кетуі себеп болғанын анықтадық. Жатақханаларда орталық жылыту жүйесі болмаған, тек жылытатын жабдықтар болған", - деді Әлтаев министрліктегі баспасөз-конференциясы барысында.

"Біз барлық жұмысшыны жинап, олардың барлығын үйлеріне жіберетінімізді айтты. Олардың басым бөлігі ОҚО-дан. Енді олар әзірше үйде отыра тұрады, бірақ жалақылары жүріп тұрады, Жатақханалар қалпына келтірілгенде, олар жұмыс орнына келіп, әрі қарай жұмыс істей алады. Жұмыс беруші осы жағдайдан кейін заңға сәйкес қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Қаза тапқандардың отбасына шамамен 90 миллион теңге беріледі," - деді Әлтаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, жұмыс беруші материалдық көмек ретінде шамамен 50 миллион теңге беретінін айтты.

"Ол денелерді ОҚО-ға жеткізу бойынша қажетті шығындарды өз мойнына алды. Құны 15 миллион болатын чартерлік ұшақты төледі. Жерлеуге қатысты шығынды да өз мойнына алды. Сондай-ақ, ол Алматыда Қарабатандағы өрттен зардап шеккендерге арнайы қайырымдылық қорын ашты", - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, Атырау облысы Қарабатан ауылындағы "Газ-турбина электр станциясы" құрылысы аумағындағы жатақханада болған өрттен 6 адам мерт болды. Бірнеше адам зардап шекті. Оқиға 3 наурызда сағат 8:41- де тіркелген еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама