Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды

Жандос Әбішев. © karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жандос Әбішев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жандос Әбішев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше Қарағандының мамандандырылған тергеу соты Жандос Әбішевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жітікова.

Еске салайық, мұның алдында Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынғаны хабарланған болатын. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғанын мәлімдеген еді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама