Қарағанды облысында 50-ге жуық педагог АИВ жұқтырған

Қарағанды облысындағы білім жүйесінде педагогтар арасында АИВ жұқтырудың 47 дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АИВ-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталыққа сілтеме жасап.

"Қарағанды облысында АИВ-пен ауыру бойынша статистика шиеленіс туғызып отыр. 2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өңірде АИВ жұқтырған 4415 адам және ЖИТС жұқтырған 920 адам тіркелген. Жұқтырғандардың ішінде балалар да бар - 51. 1971 адам қорғалмаған жыныстық байланыстан жұқтырған", - деп хабарлады орталықтың маманы Динара Балғымбекова.

"Айта кету керек, адамдардың бұл категориясы ешқашан есірткі мен алкоголь қолданбаған. Қазіргі уақытта жыныстық жолмен жұқтыру ушығып отыр", - деді Динара Балғымбекова. 

Реклама
Реклама

"Біз АИВ туралы қорқытып айтпауымыз керек, алдын алу үшін айтуымыз керек. Жастарға некеге дейін міндетті түрде АИВ сынағынан өтуді жеткізу маңызды Бүгінде бұл уақытқа тәуелді тенденция", - деді маман.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама