Қарағанды облысында қызметтік көліктер бақылауға алынатын болды

© karaganda-region.gov.kz

?ара?анды облысында ?ызметтік к?ліктерге жа?а айырым белгілер ?ойылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс ?кімдігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.  

Қарағанды облысында қызметтік көліктерге жаңа айырым белгілер қойылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

1 тамызға дейін аймақтағы барлық атқарушы органдардың көліктеріне айырма белгі қойылуы тиіс. Бұл қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланумен күресуге бағытталған. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай шешімге келіп отыр. 

Айырым белгі Қарағанды облысында ғана болады. Бұл Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясындағы облыстық департаменттің бастамасы. 

Реклама
Реклама

Қызметтік көлік жұмыс уақытында және одан тыс рұқсат етілмеген жерде тұрса, аймақ басшылығы 8-7212-504102 немесе 1424 (Мемлекеттік қызмет агенттігінің call-орталығы) нөміріне хабарласуды ұсынып отыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама