Қарағанды облысында тағы үш ауылды су басып қалуы мүмкін

@alashainasy.kz

Қарағанды облысында өзен сулары деңгейінің көтерілуі салдарынан тағы үш елді мекенді су басып қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі "Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін, 1 сәуірде Қарағанды облысындағы Киевка елді мекеніне жақын Үлкен Құндызды өзенінің гидрологиялық бекетінде судың деңгейі шамадан тыс көрсеткішке - 96 сантиметрге көтерілді. Бұдан басқа, Нұра өзені бойында орналасқан Шешенқара елді мекені мен Балықты теміржол станциясын су басып қалу қаупі бар. Ол жерде де өзен суларының деңгейі көтеріліп келеді", - делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті аталған елді мекендерде тұратын халыққа қажетті заттарын жинап, басқа жерге көшуге дайын болуға кеңес беріп отыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама