Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды

Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды Ыбырай Тілеуғалиев © bkp.prokuror.kz

Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап. 

Осы қызметке бұрынғы көлік саласының бас прокуроры Ыбырай Тілеуғалиев тағайындалды.

"2016 жылы 28 желтоқсанда Бас прокурордың үкімімен Ыбырай Тілеуғалиев Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды", - деді Нұрділдә Ораз.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Асқар Секішев Қарағанды облысының прокуроры қызметінен босатылған.

"Бас прокурордың 2016 жылдың 7 желтоқсанындағы бұйрығымен Секішев Асқар Асанханұлы Қарағанды облысының прокуроры қызметінен өз еркімен босатылып, Бас прокуратураның қарауына тіркелді", - делінген хабарламада. 

Заңмен бекітілген мерзімде оған заңнама талаптарына сай қызмет ұсынылатыны хабарланып отыр. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама