Қарағандыда 150 жұмысшы жарты жылдан бері жалақысын ала алмай жүр

Видеодан алынған кадр. © astana.tv

Қарағанды облысында 150-ге жуық жұмысшы жарты жылдан бері жалақысын ала алмай отыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қарағанды облысында 150-ге жуық жұмысшы жарты жылдан бері жалақысын ала алмай отыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, алматылық "25-көпір құрылысы отряды" серіктестігі оларға 6 айдан бері айлық төлемеген. Енді жұмысшылар жалақысын алмайынша жұмысқа шықпаймыз деп отыр.

Айлықты кешіктіруді әдетке айналдырған құрылыс компаниясы болса, сол баяғы "құрғақ" уәдемен шектеледі дейді.

Реклама
Реклама

"Кредитке ақша керек, тамаққа ақша керек. Бала-шағамыз ертең сабаққа барады, оған ақша керек. Кредитіміз сотқа береміз деп жатыр, оған керек. 6 айдан бері айлық алғамыз жоқ. "Болады, болады" дейді. Бірақ берілмейді", - дейді жұмысшылардың бірі Айымқұл Оспан.

Жұмысшылардың айтуынша, алматылық "№25 көпір құрылысы отряды" серіктестігі жылдар бойы жұмысшылар құқығын таптап келген. Жалақыны ұдайы кешіктіретінін былай қойғанда, көп мөлшерде жарналар ұстай тұра, зейнетақы қорына тиісті соманы аудармапты

Ал компания директоры Тимур Накусов қыста жалақының жартылай төленгенін айтады.

"Біздің жұмысшылар вахтамен жұмыс істейді. Қыста жалақыны жартылай төледік. Бүгінде кәсіпорынның қыс айларындағы қарызы -  5 миллион теңге. Ол жетекшілердің салғырттығынан болды, кей жұмысшыларды тізімге қоспай қойған. Cондықтан учаске бастықтарымен құрылыс топтарының жетекшілерін ауыстырдым, - деп уәде берді ЖШС директоры.

Телеарнаның мәліметінше, енді жұмысшылар "Нұр Отан" партиясынан көмек сұрап, арыз жазды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама