Қарағандыда 38 жастағы риелтор әйелдің денесі контейнерден табылды

Қарағандыда 38 жастағы риелтор әйелдің денесі контейнерден табылды © instagram.com/volontery_karagandy_rina.kz

Із-түссіз жоғалып кеткен қарағандылық әйелдің денесі көшеден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Із-түссіз жоғалып кеткен қарағандылық әйелдің денесі көшеден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 3 желтоқсанда Қарағанды көшелерінің бірінде металл контейнердің ішінен 38 жастағы әйелдің денесі табылған. Ол 1 желтоқсаннан жоғалып кеткендер тізімінде болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Еріктілердің мәліметінше, жоғалып кеткен әйел Жанар Бөлегенова 29 қарашада қала орталығындағы үйінен шамамен 10:00-де шығып кеткен. Қолында қомақты қаржы болған әйел таксиге отырған. Қайтыс болған әйелдің артында екі бала қалған. Оның қайтыс болғанын марқұмның туыстары растады. 

Реклама
Реклама

Полицейлердің айтуынша, жедел тергеу шаралары кезінде қылмысын мойындаған 36 жастағы күдікті ұсталған.  

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама