Қарағандыда "КамАЗ" жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті

© Vesti.ru

Қарағандыда "КамАЗ" жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазір 11 жастағы бала қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама да тағайындалған.

Айта кетейік, оқиға 27 наурызда Қарағанды облысындағы Октябрь ауданында болған. ІІД өкілдерінің айтуынша, жүк көлігінің 55 жастағы жүргізушісі жол жиегінде кетіп бара жатқан оқушыны қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға болған жерде қайтыс болды. Осы істің материалдары прокуратураға, кейін сотқа жолданады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама