Қарағандыда найзағай салдарынан жанармай құю станциясында жарылыс болды

?ара?анды облысыны? Октябрь ауданында найза?айды? салдарынан жанармай бекеті жанып кетті. Зардап шеккендер мен ?аза бол?андар жо?, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының Октябрь ауданында найзағайдың салдарынан жанармай бекеті жанып кетті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға күндіз 12 шілдеде АЖС-да (Автокөлік жанармай станциясы) Совхоз көшесінде болған. Оқиғаның видеосын Instagram әлеуметтік желісіндегі Skandal.krg парақшасы жариялаған. Видеода АЖС-тың өртенгеннен кейінгі бейнесі түсіп қалған. Видеоны жариялаған автордың сөзінше, автобекетте болған жарылыс даусының қатты болғаны соншалық, жанармай бекетін түгелдей ұшырып кете жаздаған.

Қарағанды облысының ТЖД-нің баспасөз қызметінің өкілдері жарылыс болғанын растады.

Реклама
Реклама

"12 шілдеде сағат 15.43-те Қарағандының Совхоз аймағында жанармай бекетін найзағай ұрғанын хабарлады. Оқиға орнына 5 техника мен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру-құтқару қызметінің 24 адамы жіберілді. Найзағай салдарынан төрт отын шығаратын бак жанып кетті ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқару операциясы сағат 16.30-да аяқталды. Жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған контейнерлерді сөндіру үшін өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. ЖҚС аумағында жану тіркелмеген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама