Қарағандыда Ұлттық ұлан сарбазын әскери көлік қысып қалып, мерт болды

© Tengrinews.kz

?ара?андыда ?лтты? ?лан сарбазы жазатайым жа?дайдан ?аза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ?лтты? ?ланыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда Ұлттық ұлан сарбазы жазатайым жағдайдан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 23 тамызында сағат 08.30-да Қарағанды қаласы 5451 әскери бөлімнің мерзімді қызметкері қатардағы 1995 жылғы Перметов Тимур Фахритдинович қаза болды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласынан шақыртылған болатын", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілер 23 тамызда әскери бөлімде әскери техниканың дайындығын тексеруге арналған іс-шаралардың жүргізілгенін нақтылады.

Реклама
Реклама

"УРАЛ" арнайы автокөлігінің жүргізушісі Т. Ф.Перметов нұсқаулыққа сәйкес, тіркемені көліктен алып тастаған. Осы сәтте тіркеме ойламаған жерден үзіліп кетіп, қатардағы Т. Ф.Перметовті қысып қалған. Салдарынан ол ауыр жарақат алған", - деп хабарлады Ұлттық ұланының өкілдері.

Қатардағы сарбазға алғашқы медициналық көмектің көрсетілгені және оның Қарағанды қалалық ауруханаға жеткізіліп, есін жимастан шамамен сағат 8.30-да көз жұмғаны айтылады.

"Қазіргі уақытта қызметтік тергеу басталды. Қаза болған сарбаздың отбасына және туыстарына қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Ұлттық ұланның жеке құрамы қатардағы сарбаз Перметов Тимур Фахритдиновичтің қазасына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама