Қарағандыда жүкті әйелдің өліміне доңыз тұмауы себеп - Дүйсенова

Қарағандыда жүкті әйелдің өліміне доңыз тұмауы себеп - Дүйсенова © startsmile.ru

Қарағандыда жүкті әйелдің өліміне доңыз тұмауы себеп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өлімнің себебін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова растады. Бұл туралы ол ҚР Парламент Сенатының отырысының үзілісінде хабарлады.

"Бізге перзентханаға түскен әйел вакцинациядан өтпеген. Доңыз тұмауы қауіпті, тұмау белгілері пайда болғанда дереу дәрігерге барудың маңызды екенін түсіну керек", - деді министр Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, ол соңғы мәліметтер бойынша 165 адамның тұмау диагнозымен ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Айтуынша, барлығына қажетті жәрдем көрсетіліп жатыр. 

Реклама
Реклама

"Қарашаның басынан ақпанның соңына дейінгі тұмаудың ушығатын кезі, сондықтан мұндай жағдай болмауы үшін вакцинация өткіземіз. 1 миллион 700 мың адам вакцинациядан өтті", - деді ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама