ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 желтоқсан 2023 17:31
Qarmet компанияның жаңа логотипін көрсетті
Qarmet компаниясының жаңа логотипі әзірленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Qarmet компаниясы жаңа логотипті ұсынды. Жаңа логотиптің эскиздері акционерлік қоғамның ресми Telegram-каналында ұсынылған. Олар ақ және қою көк фонда, күн сәулесі астында Qarmet жазуын бейнелейді.
"Qarmet" деген жазу - бұл кәсіпорынға қайтарылған тарихи атауы. Логотип таудың үстінен шыққан күн түрінде жасалған. Тау Теміртау қаласын көрсетсе, атқан таң - "жаңғыруды" білдіреді. Компанияның жаңа басшылығы комбинаттың даңқын, металлургтер мен кеншілер мәртебесін, қоршаған ортаны қалпына келтіру ұранымен жұмысқа кірісті", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу