Қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен троллейбус жүргізушісі жұмысынан қуылды

Алматыда ?арсы ба?ытта?ы жол?а шы?ып кеткен троллейбус ж?ргізушісі ж?мысынан ?уылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Green bus company" ЖШС" директоры Бауыржан ??лышев?а сілтеме жасап.

Алматыда қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен троллейбус жүргізушісі жұмысынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Green bus company" ЖШС" директоры Бауыржан Құлышевқа сілтеме жасап.

Еске салайық, оқиға алматылық 12-ші бағытта жүретін троллейбус жүргізушісінің басынан өтті. Оқиғаны куәгерлердің бірі ұялы телефонына түсіріп алған. Әйел адам троллейбусты басқара отырып, қарсы жолды жауып тастаған, ал жүргізушілердің наразылығына ол былапыт сөзбен жауап қайтарған. Ол өзін жүргізбей тұрған Toyota 4Runner көлігінің жүргізушісіне айғайлап берді. Ал кейін жүргізуші әйел өз әрекетін жолдағы кептеліске байланысты кешіккенімен түсіндіріп, ақталған еді.

"Кеше жұмыстан шығарылды. Оның осыған дейін де қозғалыс кестесін бұзғанына байланысты ескертуі болған. Бірақ кешегі оқиғасы шектен шыққандық болды", - деді Бауыржан Құлышев.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама