"Қарыз бердіңіздер ме, қайтара білу керек" - Нығматулиннің қаржы министріне айтқаны

© Тұрар Қазанғапов

Парламент М?жілісіні? спикері Н?рлан Ны?матулин ?аржы министрі Ба?ыт С?лтанов?а ?зге елдерді? ?аза?стан?а ?арызын ?айтару?а ?атысты дауларды жылдамыра? реттеуді назар?а алуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа өзге елдердің Қазақстанға қарызын қайтаруға қатысты дауларды жылдамырақ реттеуді назарға алуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жалпы отырыс кезінде депутат Ирина Унжакова Грузия Қазақстанға 1993 жылдан бері қарызын бермей келе жатқаны туралы айтты. 

"Серіктестермен бұл мәселені реттей алғанымыз жақсы, бірақ, бұл өзіңе демалыс жариялауға себеп емес. Өйткені тағы бірнеше елмен қарыз бойынша шешілмеген мәселелер бар", - деді Нығматулин қаржы министріне. 

Реклама
Реклама

Мәжіліс спикері елімізге қарыздарды қайтару жұмысы созылып кеткеніне қарамастан, оны нәтижелі ету үшін өзге де қарыз елдермен келіссөздер жүргізу керектігін атап айтты. 

Сонымен қатар, ол осы тектес келісімдерге қол қоярдан бұрын Қазақстан мүддесін қорғайтын барлық заңгерлік сараптаманы жүргізу керектігін айтты. Нығматулин қайтарылған қарыз бюджетті толтыру керектігін атап өтті. 

"Қарыз бердіңіздер ме, қайтара білу керек - жұмыс осындай қағидамен жүргізілуі қажет", - деді Нығматулин. 

Еске салайық, Нұрлан Нығматулин жүрегіне жасалған операциядан кейін алғаш рет Мәжіліс отырысын өткізіп отыр. Депутаттар Парламент палатасының төрағасын ду қол шапалақпен қарсы алды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама