Қаржы министрі Bank RBK жағдайына қатысты пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Bank RBK ?аржы институтыны? м?селесін ?кіметтегілер, ?лтты? банк пен мемлекеттік сы?айлы сектор біріге отырып шешетін болады. Б?л туралы ?аржы министрі Ба?ыт С?лтанов м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Bank RBK қаржы институтының мәселесін үкіметтегілер, Ұлттық банк пен мемлекеттік сыңайлы сектор біріге отырып шешетін болады. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық банкпен жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкіметтегілер біздің барлық мемлекеттік сыңайлы секторлармен біріге отырып, проблемалық мәселелерді шешіп жатыр. Қазіргі уақытта қандай да бір нәтиже жайлы айтуға әлі ерте", - деді министр ҚР Мәжілісінде өткен үкімет сағатынан кейін.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев та Bank RBK жағдайына қатысты пікір білдірген болатын.

Реклама
Реклама

"Мен бұл мәселені білемін. Жақсы білемін. Онда не болғанын да білемін. Бұл жерде акционерлердің қаражат жымқыруы...", - деген еді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама