Қаржы министрі Түркістан облысының бюджеті жайлы айтып берді

Т?ркістан облысыны? бюджеті 2018 жылды? ?ырк?йек-?азан айында бекітіледі. Б?л туралы ?аржы министрі Ба?ыт С?лтанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының бюджеті 2018 жылдың қыркүйек-қазан айында бекітіледі. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің үкіметтің қоры бар, сол жақтан да ақша алып тұрамыз, тағы бір бөлігін жергілікті бюджеттен аламыз. Нақты соманы айта алмаймын, алдағым келмейді. Қыркүйек-қазан айында осы мәселені нақтылаймыз. Күзге дейін үкіметтен алатын ақша бар. Қазіргі уақытта жергілікті және орталық атқарушы органдармен жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, Сұлтанов брифинг барысында бюджетті санаған кезде әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне назар аударылатынын айтып өтті.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, кеше, 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық қала мәртебесі беріп, Қазақстанда Түркістан облысының пайда болатыны жайлы айтқан болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама