Қатты қуандым - Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалуы жайлы

© Тұрар Қазанғапов

Шымкент ?кімі ?абидолла ?бдірахымов та?айындалуына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Шымкенттің мегаполис болатыны жайлы осыдан бірнеше жыл бұрын да айтқан болатын. Ал менің тағайындалуым жайлы айтатын болсам... Әрине, бұл мен үшін күтпеген жерден болды. Бұл шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды. Қабылданған шешімге қатты қуандым, барлық күшімізді саламыз", - деді Шымкент әкімі үкімет отырысынан кейін.

Осыған дейін Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысы барысында Шымкент пен Түркістан облысы әкімдеріне үндеу жасаған болатын. Сағынтаев шенеуніктерге Мемлекет басшысының Түркістан облысын құру және Шымкентке республикалық маңызы бар қала ретінде бекіту туралы жарлығын еске салған еді.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 19 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Түркістан облысы пайда болатыны жайлы заңға қол қойған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама