Қатты жауын және бұршақ. Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады

Иллюстрация

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, 19-21 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай, қатты дауыл болып, бұршақ күтіледі.

"Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр, 20-21 тамызда 25 метрге дейін жетеді. Астанада 21 тамызда қатты жаңбыр жауады, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады", - деп ескертті мамандар.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, елордада 19-21 тамызда найзағай және қатты дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама