"ҚазАгро" көктемгі егіске 61 млрд теңге бөлуге уәде берді

©Тime.kg

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі көктемгі егіс науқанына 61,6 миллиард теңге бөледі деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған қаржының 40 миллиард теңгесі - бюджеттік несие. Биыл алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарына арналған қаражат екінші деңгейлі банктерде беріледі. Сондай-ақ  "ҚазАгроның" еншілес компаниялары арқылы несие беру жұмысы да жалғасады.

"Қазірдің өзінде холдинг компаниялары еліміздің оңтүстігіндегі егіс жұмыстарын қаржыландыруды бастады. Мәселен, Аграрлық несие корпорациясына 6,5 миллиард теңгені құрайтын 300-ден астам өтініш түсті. Соның 75-сі мақұлданып, 1,7 миллиард теңге бөлінді. Жалпы, ағымдағы жылы корпорация аграрлық салаға 13 миллиард теңге бөлмекші", - делінген ресми хабарламада.

Реклама
Реклама

Ал Азық-түлік келісімшарт корпорациясы диқандарға 17,6 миллиард теңге бөлуге әзір. Соның ішінде мемлекеттік резервке сатып алынатын 3,6 миллиард теңгенің астығы бар. "ҚазАгроҚаржы" компаниясы болса, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 6,9 миллиард теңге дайындап қойды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама