Қазақ тілін дамытатын әдістеме жасау керек - Ерлан Сағадиев

© Тұрар Қазанғапов

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында қазақ тілін үйренуге арналған дұрыс әдістеменің жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үштілділікті енгізудің басты мақсаты - басқа тілде оқытатын мектептерде қазақ тілін енгізу. Дегенмен қазір бізде қазақ тілін үйренуге арналған дұрыс әдістеме жоқ. Мысалы, ағылшын тілін үйренгісі келетіндер шетелге барып, 3-4 айдың ішінде сол тілді жақсы меңгеріп келеді. Сондықтан да қазақ тілін дамытатын әдістеме жасау керек", - деді ол.

Сонымен қатар, министр брифинг барысында үштілділікке қатысты жаңа жүйенің бала біліміне зор ықпалын тигізетінін атап өтті.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама