ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 сәуір 2016 10:53
Қазақ тілін дамытатын әдістеме жасау керек - Ерлан Сағадиев
ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында қазақ тілін үйренуге арналған дұрыс әдістеменің жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үштілділікті енгізудің басты мақсаты - басқа тілде оқытатын мектептерде қазақ тілін енгізу. Дегенмен қазір бізде қазақ тілін үйренуге арналған дұрыс әдістеме жоқ. Мысалы, ағылшын тілін үйренгісі келетіндер шетелге барып, 3-4 айдың ішінде сол тілді жақсы меңгеріп келеді. Сондықтан да қазақ тілін дамытатын әдістеме жасау керек", - деді ол.
Сонымен қатар, министр брифинг барысында үштілділікке қатысты жаңа жүйенің бала біліміне зор ықпалын тигізетінін атап өтті.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу