Қазақ хандығының 550 жылдығы Оңтүстік Кореяда атап өтілді

Қазақ хандығының 550 жылдығы Оңтүстік Кореяда атап өтілді Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандарға арналған ескерткіш. © astanainfo.net

Оңтүстік Кореяда Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Корея Республикасында білім алып жатқан жастар мен Сеулдегі Қазақстаның елшілігі бірлесіп Оңтүстік Кореяның ірі қалалары арқылы веложарыс өткізді. 

"Жас энтузиастар үш күн ішінде 550 шақырым жолды велосипедпен жүріп өтіп, Ұлы Дала елі туралы кездескендерге таныстырып оралды. 12 адамнан тұратын команда 7 қазанда Сеулден бастап, Соннам, Сувон, Осан, Чонан қалаларына тоқтап, Сэджон әкімшілік орталығы арқылы Оңтүстік Кореяның технологиялық бас қаласы Тэджонға жетіп, 9 қазан күні Сеулге қайтып келді", - дейді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама


© ҚР СІМ баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұл іс-шараның басты мақсаты - Астанада "Болашақ энергиясы" тақырыбында өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін ілгерілету. Қазақстандық студентер өз үлгілерімен адамның мүмкіндіктерін және қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын көрсетті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама