"Қазақавтожол" басшылығы мен Есеп комитетінің мемаудиторлары өз кінәсін мойындады - Антикоррупциялық қызмет

"?аза?автожол" басшылы?ы мен Есеп комитетіні? мемлекеттік аудиторлары ?з кін?сін мойындап, ?з істеріне ?кінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? ?кілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақавтожол" басшылығы мен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары өз кінәсін мойындап, өз істеріне өкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдеріне сілтеме жасап.

"Астана қалалық Алматы аудандық №2 сотының шешімімен Есеп комитетінің республикалық бюджетті орындауға бақылау жөніндегі мемлекеттік аудиторы А.Жәңгірбаева, "Қазақавтожол" бас директоры С.Мұқашев, оның орынбасары Е.Шәмішев, бөлім басшысы К.Әжіғұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, асырауында балаларының болуына, мүгедектердің болуына және зейнет жасына жетуіне байланысты мемлекеттік аудитор А. Копобаеваға, "Қазақавтожол" РМК бас есепшісі Г.Қорғановаға және бөлім басшысы Б. Елемесоваға қатысты үй қамауына алу түріндегі шешім шыққаны айтылады.

Реклама
Реклама

"Тергеу шараларының барысында Б. Копобаева,  С.Мұқашев, К.Әжіғұлов, Е.Шәмішев, Ш.Қорғанова және Б.Елемесов өз кінәларын толықтай мойындап, өз істеріне өкінді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Қазақавтожол" РМК-ның жемқорлық іске тартылған аймақтық бөлімшелерінің басшылары Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторларына пара беру үшін 16 миллион теңге көлемінде ақша жинауға қатысқанын мойындаған. Оларға қатысты кепілмен босату түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылыпты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама