ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2022 | 15:52
QazaqGaz басқармасының жаңа мүшелері тағайындалды
QazaqGaz директорлар кеңесінің шешімімен "Самұрық-Қазына" басқармасының келісімі бойынша басқарма құрамы толығымен жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
QazaqGaz директорлар кеңесінің шешімімен "Самұрық-Қазына" басқармасының келісімі бойынша басқарма құрамы толығымен жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
QazaqGaz басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып Ерлан Мұқай тағайындалды. Оның министрлік, мемлекеттік қаржы ұйымдары мен ведомстволарда айтарлықтай жиналған тәжірибесі бар.
"Қаржы министрлігінде, квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ, халықаралық мұнай-газ компанияларында жұмыс істеген Ерлан Мұқай қаржы және маркетинг мәселелерінде жаңа әдістер қолданды. Shell халықаралық компаниясында (Нидерландыда) қаржы директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, басқа да квазимемлекеттік және жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарған", - делінген хабарламада.
Басқарма төрағасының өндіріс және маркетинг жөніндегі орынбасары болып Мейірбек Ихсанов тағайындалды. Оның халықаралық компанияларда өндірістік және басқарушылық жұмыстар бойынша тәжірибесі бар. 9 елде ірі жобаларды іске асыруға қатысқан.
"Тағайындалғанға дейін Кувейт, Катар, Египет, Ресей, сондай-ақ, Таяу Шығыс пен Орта Азиядағы Schlumberger халықаралық компаниясындағы маркетинг және жаңа технологияларды сату жөніндегі өңірлік директор болып жұмыс істеді. Schlumberger (Франция) компаниясының бас кеңсесінде Management Development бағдарламасынан өтті", - деп атап өтті баспасөз қызметі өкілі.
Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып Айдын Ақан тағайындалды. Ол іскерлік әкімшілік саласында магистр дәрежесін (MBA in Finance, University of Wales, Ұлыбритания) алған.
"ҚазМұнайГаз" және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компанияларында жұмыс тәжірибесі бар, онда бірнеше жобаларға белсенді қатысқан", - делінген хабарламада.
Басқарма төрағасының стратегия және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары лауазымына Қазақстанның газ тасымалдау саласы бойынша 20 жыл жұмыс өтілі бар Арман Қасенов тағайындалды.
"Әр жылдары "ҚазТрансГаз" компаниялар тобында басшылық қызметтер атқарды. "ҚазТрансГаз Өнімдері" компаниясын басқарды, "ҚазТрансГаз" АҚ бас директорының орынбасары болды, Қаржы, маркетинг және корпоративтік даму мәселелеріне жетекшілік етті. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар", - деп атап өтті ұлттық компания өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также