"Қазақстан - 2050" стратегиясы 19 тілге аударылды

Фото bulandy.akmol.kz сайтынан

Бүгінде "Қазақстан - 2050" старегиясының мәтіні әлемнің 19 тіліне аударылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Strategy2050.kz порталына сілтеме жасап. 

Ақпараттық порталдың хабарлауынша, енді "Қазақстан - 2050" стратегиясының мәтінімен Ұлыбритания, Болгария, Испания, Италия, Германия, Румыния, Турция, Франция, Хорватия, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қытай, Корея, Жапония, Иран и Сауд Арабиясы сияқты елдердің азаматтары таныса алады. Мәтіннің аудармасы Strategy2050.kz порталында орналасқан. Оны ұялы құрылғылар арқылы да оқуға болады.

Айта кетейік, стратегияны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты ел халқына арналған Жолдауы барысында алғаш рет жариялаған болатын.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама