Қазақстан алтын қоры бойынша Сауд Арабиясынан асып түсті

© REUTERS

?аза?стан 2018 жылы алтын ?оры к?рсеткіші бойынша Сауд Арабиясынан озып, жалпы рейтингте 15-орында т?р. Б?л туралы ?Р ?лтты? банкі м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан 2018 жылы алтын қоры көрсеткіші бойынша Сауд Арабиясынан озып, жалпы рейтингте 15-орында тұр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жыл басынан бері Қазақстанның Ұлттық банкі отандық өндірушілерден 33 тонна аффинаждалған алтын алды. 

"Қазіргі уақытта Қазақстан алтын қоры бойынша 15-орында тұр. 2018 жылы Сауд Арабиясынан озып кеттік. 2018 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық банкінің алтын портфелі - 333 тонна, бұл дегеніміз 12,8 миллиард доллар", - деді Ұлттық банк өкілдері өкілдері. 

Реклама
Реклама

Ұлттық банк қазақстандық алтынның әлемдік саудада танымал болуы үшін, алдағы болашақта аффинаж алтынның небәрі 4 пайызын сатуды көздеп отыр екен. 

Сондай-ақ, Ұлттық банк өкілдері 2018 жылдың басынан әлем саудасында алтын бағасы 8 пайызға түскенін айтады. Бұған доллардың нығаюы себеп болды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама