Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия халықаралық көлік қауымдастығын құрады

?аза?станны?, ?зірбайжанны? ж?не Грузияны? темір жол ?кімшіліктері ТХКБ халы?аралы? ?ауымдасты?ыны? ??рылтай шартына ?ол ?ойып, жар?ысын ?абылдады. ?ауымдасты? ке?сесі Астана ?аласында орналасатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.
 
Еске сала кетейік, Транскаспий халы?аралы? к?лік ба?дарын (ТХКБ) дамыту бойынша ?йлестіру комитетіні? кезекті отырысында ?аза?станны?, ?зірбайжанны? ж?не Грузияны? темір жол ?кімшіліктеріні? басшылары Транскаспий халы?аралы? к?лік ба?дарыны? Халы?аралы? ?ауымдасты?ын ??ру м?селесін тал?ылады.

Қазақстанның, Әзірбайжанның және Грузияның темір жол әкімшіліктері ТХКБ халықаралық қауымдастығының құрылтай шартына қол қойып, жарғысын қабылдады. Қауымдастық кеңсесі Астана қаласында орналасатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
 
Еске сала кетейік, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту бойынша Үйлестіру комитетінің кезекті отырысында Қазақстанның, Әзірбайжанның және Грузияның темір жол әкімшіліктерінің басшылары Транскаспий халықаралық көлік бағдарының Халықаралық қауымдастығын құру мәселесін талқылады.

Айта кету керек, "қауымдастықтың қызметі ТХКБ бағдарына ықпалдасқан логистикалық өнім жасауды дамыту мақсатында транзиттік және сыртқы сауда жүктерін тартуға бағытталады".

Қауымдастық аясында тиімді тариф саясаты, ықпалдасқан қызмет бағасы мен үнемдеу, тасымалдау үдерісіндегі бірыңғай технология құру, шекаралық және кедендік рәсімдеулер мен жүктерді өңдеу, түйісу станцияларындағы портта контейнерлерді өңдеудегі әкімшілік кедергілерді төмендету мәселелерін қарастыру көзделген.

Реклама
Реклама

Барлық шаралар ТХКБ-ның баламалы бағдарлармен салыстырғандағы бәсекелестігін күшейтуге бағытталады.

"Үйлестіру комитеті құрылған кезден бастап, тиімді тарифтік жүйені құру, жүк тасымалдаудың бірыңғай технологиясы және бірлескен ықпалдасқан логистикалық Nomad Express өнімін жасауға, контейнерлік пойыздарды шығаруға қол жеткізілді, Халықаралық транскаспий көлік консорциумы құрылды", - деп хабарлады Қ. Алпысбаев.
Қазақстан тарабы «Құрық паром құрылысы кешені және жүк жолаушылар тасымалдау әмбебап паромын пайдалану» жобасын жүзеге асырып жатқандығы мен Құрық портындағы бірінші іске қосу кешені 2016 жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетіндігін хабарлады.

Үйлестіру комитеті Құрық порты мен Алят порты арасында сынақтық вагон тасымалдау паромын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Бұдан өзге, ТХКБ мөлшерлемесін бәсекелестікке сай етіп белгілеу мәселесі талқыланды. Тараптар Қазақстаннан экспортқа шығарылатын бірқатар жүктерді тасымалдауға, оның ішінде астық, мұнай өнімдері және түсті металл жүктеріне ТХКБ-ға қатысушы елдерде тарифтік жеңілдіктер жасауға келісті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама