Қазақстан басқа елдердің тапсырысы бойынша бағалы металдардан монеталар дайындайды

© Forbes.kz

?лемде 69 монета сарайы бар, алайда, ТМД елдерінде 3-уі ?ана ж?мыс істейді (?аза?стан, Ресей, Украина). Б?л туралы ?скемен ?аласында жергілікті БА? ?шін ?ткен брифинг барысында ?Р ?лтты? Банкіні? Т?ра?асы Данияр А?ышев м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банкті? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Әлемде 69 монета сарайы бар, алайда, ТМД елдерінде 3-уі ғана жұмыс істейді (Қазақстан, Ресей, Украина). Бұл туралы Өскемен қаласында жергілікті БАҚ үшін өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақышев Қазақстан теңге сарайының монеталарды дайындаудың толық өндірістік циклы қосылған жоғары технологиялық жабдығы бар кәсіпорын ретіндегі бірегейлігін атап өтті.

"Металл өңдеу және заманауи монеталар мен қорғалған өнімді өндіру саласында бірегей біліктілігі бар қызметкерлер қалыптасқан. Бұдан басқа, ұжымның бірлігі, кәсіби дәстүрлердің сабақтастығы сақталып отыр және кейінгі қызметкерлерге баға жетпес тәжірибені беру мақсатында кадрлар дайындау жүйесі ретке келтірілген", - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Реклама
Реклама

Оның айтуы бойынша, өнімнің сапасы мен қызметкерлердің біліктілігі Қазақстан теңге сарайын жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті, оның ішінде экспортқа бағдарланған  кәсіпорын ретінде тануға мүмкіндік береді.

"Экспорттық қызметтер Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь сияқты елдерге көрсетіледі. Сондай-ақ, Германия мен Польша компанияларының тапсырыстары бойынша бағалы металдардан ұлттық валютаның монеталары дайындалады", - деп хабарлады Ақышев.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама