Қазақстан ІІМ-нің Көліктегі ІІД-не жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан ІІМ-нің Көліктегі ІІД-не жаңа басшы тағайындалды Ахан Қажыкенов. © time.kz

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) Көліктегі ішкі істер департаментінің (ІІД) басшысы болып полиция полковнигі Ахан Қажыкенов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Казахстан" дереккөзіне сілтеме жасап.

"Жаңа басшыны департаменттің жеке құрамына Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов таныстырды" - делінген жұма күні Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осы лауазымды қызметке тағайындалғанға дейін Ахан Қажыкенов Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментін басқарған болатын.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама