Қазақстан Интернет тіліне көшіп жатыр - Назарбаев

?аза? ?ліпбиіні? ??рамына кірген кейбір кирилл ?ріптері к?птеген адам?а білім алу?а ?иынды? ту?ызды. Б?л туралы Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақ әліпбиінің құрамына кірген кейбір кирилл әріптері көптеген адамға білім алуға қиындық туғызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кирилл әліпбиінде бірнеше әріп қазақ лексикасында кездеспейді. Қазақ тілінде Щ, Ъ, Ь, Ч, Я (біз "Япония" емес, "Жапон" деп сөлейміз ғой), Ш, Ц әріптері жоқ - мұның бәрі адамдарға жазып, оқуға қиындықтар туғызды", - деп түсіндірді Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латынға ауыстыру туралы шешімін. 

Елбасының айтуынша, Қазақстан жалпы дамытушы ақпарат әлеміне аяқ басып жатыр - бұл Интернет тілі, ғылым мен мәдениет тілі. "Неге латын дейсіздер ме? Бүгінде ғылым, мәдениет туралы мәліметтің 70-тен аса пайызы ағылшын тілінде. Ағылшын тілі латын қарпімен жазылады. Бізде үштілділік жарияланды. 2020 жылға дейін бірінші сыныптан бастағандар ағылшын тілін біліп аяқтайды, яғни балалар латын қарпін біледі", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Ол жаңа әліпби туралы жарлыққа қол қойылып қойғанын еске салды. 

Айта кетейік, Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен "Қазақстанның 100 жаңа есімі" форумы өтіп жатыр. "100 жаңа есім" жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама