Қазақстан мен Моңғолия ағзаларды траспланттау бойынша тәжірибе алмасу туралы келісті

© treatinturkey.com

Қазақстан мен Моңғолияның денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары ағзаларды траспланттау бойынша тәжірибе алмасу туралы келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Моңғолияға жұмыс сапары аясында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Моңғолия денсаулық сақтау және спорт министрі Самбуу Ламбаамен кездесті. Оның барысында екі ел өкілдері ағзаларды транспланттау бойынша тәжірибе алмасу туралы уәделесті.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Тамара Дүйсенова мен Самбуу Ламбаа медициналық кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады. Моңғолия азаматтарын Қазақстандағы медициналық ЖОО-да оқыту мен Моңғолия медициналық қызметкерлерінің біздің еліміздегі медициналық ұйымдарда тәжірибеден өтуі туралы келісілді.

Реклама
Реклама

Кездесу соңында Дүйсенова денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашақта әрі қарай жалғасатынына сенім білдірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама