Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары Каирде ұсталған қазақстандықтардың жағдайын талқылады

© ҚР СІМ баспасөз қызметі

?Р Сырт?ы істер министрі ?айрат ?бдірахманов Мысырды? сырт?ы саяси ведомствосыны? басшысы Самех Шукримен телефон ар?ылы ??гімесі барысында алты ?аза?станды? азаматтарды? Каирде ?стап ?кетілуі бойынша ахуалды тал?ылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Сырт?ы істер министрлігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мысырдың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Самех Шукримен телефон арқылы әңгімесі барысында алты қазақстандық азаматтардың Каирде ұстап әкетілуі бойынша ахуалды талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телефон арқылы сұбат 27 шілдеде кешкі уақытта қазақ тарапының бастамасымен болды.

Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның мысырлық биліктерден жас адамдардың ұстап әкетілу себептері мен олардың қазіргі таңда болу мекенжайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтетінін айтты. Оның айтуынша, ұсталғандардың барлығымен Қазақстан консулының кездесуін ұйымдастыру қажет.

Реклама
Реклама

Самех Шукри өз кезегінде қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардың дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді.

Министрлер әңгіме барысында негізін жоғарғы деңгейдегі кездесулер қалаған екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық жәнее мәдени-гуманитарлы ынтымақтастықтың сәтті дамуын талқылады.

Сондай-ақ, осыған дейін ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Қазақстандықтарды Мысырда ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстағанын хабарлағанын болатын. 

Еске салайық, 24 шілдеде қазақстандық алты студенттің Мысырда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін студенттерді Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды. Олар сол ел аумағында және өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама