Қазақстан мен Сербия Президенттері уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады

Қазақстан мен Сербия Президенттері уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады © akorda.kz

?аза?стан Президенті Сербия Республикасыны? Президенті Томислав Николичпен телефон ар?ылы с?йлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту бағытында бірлесіп, белсене жұмыс жүргізуге әзір екендігін айтты.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жан-жақты нығайту үшін Сербия Премьер-министрі Александр Вучичтің Қазақстанға биылғы қараша айындағы сапарының маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Сербия тарапы бастамашы болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама