ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 қараша 2016 20:18
Қазақстан мен Сербия Президенттері уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады
Қазақстан Президенті Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады.
Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту бағытында бірлесіп, белсене жұмыс жүргізуге әзір екендігін айтты.
Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жан-жақты нығайту үшін Сербия Премьер-министрі Александр Вучичтің Қазақстанға биылғы қараша айындағы сапарының маңыздылығын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Сербия тарапы бастамашы болды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу