Қазақстан мен Украина қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісімге келді

© prokuror.gov.kz

Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров және Украинаның Әділет министрі Павло Петренко қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және экстрадициялау туралы шарттарға қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қол қою рәсімі Астанада өтті.

Осы шарттар екі елдің құқық қорғау органдарына олардың әрқайсысының аумағында қылмыстық істер бойынша процестік әрекеттер жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін адамдарды экстрадициялауға мүмкіндік береді.

"Осындай келісімдерді жасау қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдар және азаматтардың құқықтарын қорғау саласында тиімді ынтымақтастық жасау үшін қажетті құқықтық қор құратыны байқалды", - делінген Бас прокуратура хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құқықтық көмек көрсету,   экстрадициялау және сотталғандарды беру саласына қатысты 60-қа жуық екіжақты халықаралық шарт жасасқан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама