Қазақстан Президенті Германия Федеративтік Республикасының іскер топтар өкілдерімен кездесті

Қазақстан Президенті Германия Федеративтік Республикасының іскер топтар өкілдерімен кездесті © akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Германия экономикасы Шы?ыс комитетіні? т?ра?асы Вольфганг Бюхеле, "Кнауф" компаниясыны? иесі Николас Кнауф ж?не Германия Федеративтік Республикасыны? ?аза?стан Республикасында?ы елшісі Рольф Мафаэльді ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле, "Кнауф" компаниясының иесі Николас Кнауф және Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Рольф Мафаэльді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Астанаға іскерлік сапармен келген неміс бизнесмендеріне табыс тіледі.

"Астанаға қош келдіңіздер. Сіздердің делегацияларыңыз мықты құраммен келіпті. Сіздер Үкіметте кездесулер өткізіп, Қазақстанның бизнесмендерімен де жолығасыздар. Бұл кездесулердің жемісті болатынына сенімдімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті биылғы қазан айында Сочи қаласында Германия Федеративтік Республикасы іскер топтар өкілдерімен өткізген кездесуінің нәтижелі болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан неміс компанияларының көп екенін айтып, екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Сочи қаласындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға тоқталды.

"Қазақстан мен Германия арасында қарқынды экономикалық қарым-қатынас орнады. Оның дамуы 2017 жылы оң нәтиже көрсетіп отыр. Бұл ретте, Германияға Қазақстаннан келетін импорттың көлемі артып келе жатқанын атап өткен жөн", - деді Бюхеле.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама