Қазақстан Президентінің көмекшісі ауысты

Қазақстан Президентінің көмекшісі ауысты Нұрлан Онжанов Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды ©Berlin24.ru

Қазақстанда бірқатар кадрлық өзгерістер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Онжанов Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Германия және Даниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарып келген. Ал Ержан Қазыханов Қазақстан Президенті көмекшісі қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен сондай-ақ Берік Шолпанқұлов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалса, ҚР Сыртқы істер министрлігінің экс-жауапты хатшысы Асқар Мусинов Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары болып Әбдірашид Жүкенов тағайындалды. Ал Айвар Боданов Қазақстанның қаржы полициясы басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысының Жарлығымен бұған дейін ҚР Мемлекеттік күзет қызметі басшысы болып жұмыс істеп жүрген Ануар Садықұлов  ҰҚК төрағасының орынбасары - "Арыстан" қызметінің басшысы болып тағайындалған болса, ал ол атқарған қызметке Амантай Күреңбеков отырған болатын.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама