Қазақстан қалаларының елтаңбалары мен туларына қатаң норма қойылады

Алексей Цой. © Баспасөз қызметі

Қазақстан қалаларының елтаңбалары мен туларына қатаң норма қойылады. ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Көкшетауға барған сапары барысында Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан геральдтық қызметтің құрылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда 16 аймақ пен 90-ға жуық қала бар. Әр қаланың өзінің елтаңбасы мен туы бар. Бұрын олардың барлығына норма қойылмайтын. Енді геральдтық қызмет құрылады, ол соны қатаң бақылаумен айналысады", - деді Цой.

Сонымен қатар, вице-министр бірқатар ірі көлемді бастамаларды атап өтті: "Таңғажайып Қазақстан" жобасын құру, ол қаланың аса танымалдыққа ие болмаған көрікті жерлері мен Қазақстан тарихына қатысты бірқатар көркем және деректі фильмдер жайында баяндайды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Цой өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларға түсінік бере кетті, олардың арасында жиі қозғалатын үш тілділік саясаты бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама