Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек берді

© ipukr.com

?ыр?ыз Республикасында?ы таби?и-климатты? жа?дайлар?а байланысты ?аза?стан ?кіметі к?рші мемлекетке гумантарлы? к?мек к?рсету туралы шешім шы?арды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғыз Республикасындағы табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Қазақстан Үкіметі көрші мемлекетке гумантарлық көмек көрсету туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 9 қазанындағы "Қырғыз Республиксына ресми түрде гуманитарлық көмек көрсету" туралы № 632 қаулысында айтылады.

Қырғыз Республикасына ресми түрде көмек көрсету мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды броннан ажырату тапсырылды. Гуманитарлық көмектің ішінде кесілген тақтай, металлпрокат  және ағаштан жасалған бағаналар бар.

Реклама
Реклама

"ҚР Сырты істер министрлігіне гуманитарлық көмекті қабылдайтын адамды анықтап, көмекті жеткізу мәселесін үйлестіру тапсырылды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне гуманитарлық көмекті дер кезінде тиіс жерге Қырғыз Республикасына жеткізуге қатысты мәселені шешу тапсырылды", - деліненген қаулыда.

Өз кезегінде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы және Инвестициялар және даму министрлігіне осы қаулыдағы шараларды қолға алу тапсырылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама