Қазақстан шетелдік әуе желілерімен ЭКСПО кезінде жаңа рейстерді іске қосу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр

© primeminister.kz

?аза?стан бір?атар шетелдік ?уе желілерімен ЭКСПО кезінде жа?а рейстерді іске ?осу туралы келісс?здер ж?ргізуде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап. Б?л туралы ?Р инвестициялар ж?не даму вице-министрі Берік ?амалиев ведомствода?ы баспас?з конференциясы барысында хабарлады.
 
"ЭКСПО ше?берінде ?Р ?кіметіні? ?олдауымен "ашы? аспан" ж?йесі бойынша ж?мыстар ж?ргізіп жатырмыз. Біз фин ?уе желісі сия?ты жа?а ?уе желілері ?ша бастайтыны туралы келісс?здер ж?ргізіп, келісімге ?ол ?ойды?. Жа?ында біз польшалы? авиация басшылы?ымен келісс?здер ж?ргіздік. Венгриямен де келісім бар, австриялы?, чехиялы? ?уе желілерімен рейстерді жа?артып жатырмыз. Одан ?зге, ?ытайдан Air Chinа компаниясы ?шатын болады. 12 желто?санда біз кездесіп, Air Astana ж?не Scat ?уе компаниялары ?шін ?осымша слоттар с?раймыз, осылайша, Алматыдан Сиань, Тегеран ба?ыты бойынша жа?а халы?аралы? рейстерді ?л?айтпа?пыз", - деп м?лімдеді ?амалиев. 

Қазақстан бірқатар шетелдік әуе желілерімен ЭКСПО кезінде жаңа рейстерді іске қосу туралы келіссөздер жүргізуде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Берік Қамалиев ведомстводағы баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
 
"ЭКСПО шеңберінде ҚР Үкіметінің қолдауымен "ашық аспан" жүйесі бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Біз фин әуе желісі сияқты жаңа әуе желілері ұша бастайтыны туралы келіссөздер жүргізіп, келісімге қол қойдық. Жақында біз польшалық авиация басшылығымен келіссөздер жүргіздік. Венгриямен де келісім бар, австриялық, чехиялық әуе желілерімен рейстерді жаңартып жатырмыз. Одан өзге, Қытайдан Air Chinа компаниясы ұшатын болады. 12 желтоқсанда біз кездесіп, Air Astana және Scat әуе компаниялары үшін қосымша слоттар сұраймыз, осылайша, Алматыдан Сиань, Тегеран бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстерді ұлғайтпақпыз", - деп мәлімдеді Қамалиев. 

Сондай-ақ, вице-министр Оңтүстік-Шығыс Азиядан, Қытай мен Кореядан Астана мен Алматы арқылы Еуропа, Париж және Лондонға әуе қатынастары бойынша транзиттің даму үрдісін атап өтті.

Ұлт жоспарының 73-қадамын іске асыру аясында астананың халықаралық қаржы орталықтарымен байланысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні Астанадан 5 халықаралық қаржы орталығы: Франкфурт, Лондон, Дубай, Гонконг, Сеул бағытына тікелей ұшулар орындалуда. Сондай-ақ, Вена, Париж, Абу-Даби, Бейжің, Ыстамбұл, Үрімші және басқа қалаларға тікелей рейстер жүзеге асырылуда. 2018 жылы - Токиомен, 2019 жылы - Сингапурмен, 2020 жылы Нью-Йоркпен әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр", - деді ол.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама