Қазақстан "Silk Way Rally" өткізу шарасында 3,5 миллион еуро пайда тапты

© ortcom.kz

?аза?станны? "Silk Way Rally" ?ткізуден т?сетін жиынты? экономиалы? кірісі 3,5 миллион еуро межелігінен асып т?седі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? ресми сайтына сілтеме жасап. Б?л туралы "?аза?станны? спортты? технологиялары" ЖШС бас директоры Арн?р Ыбраев ОК? ?ткен баспас?з конференциясында.

Қазақстанның "Silk Way Rally" өткізуден түсетін жиынтық экономиалық кірісі 3,5 миллион еуро межелігінен асып түседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы "Қазақстанның спорттық технологиялары" ЖШС бас директоры Арнұр Ыбраев ОКҚ өткен баспасөз конференциясында.

ҚР аумағында раллиді ресми ұйымдастырушы Арнұр Ыбраев айтып өткендей, "Қазақстанның спорттық технологиялары" компаниясы республикамыздың аумағынан өтетін ралли маршрутының жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтуі үшін бар күш-жігерін салды.

"Бізге бұл ретте "Жібек жолы" дирекциясы үлкен қолдау көрсетті, Қазақстандағы ресми өкілі біздің компания және әрине, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, жергілікті биліктер, әкімдіктер және барлық атсалысқан ведомстволар болып табылады. Мен, осы бірегей ралли өзінің басты миссиясы - Орта ғасырда Ұлы Жібек жолын қосқан елдерді, өркениет пен мәдениетті біріктіруді орындады деп ойлаймын", - деді Ыбраев.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Қазақстанның республика аумағында ралли өткізуден түсетін жиынтық экономиалық кірісі 3,5 миллион еуро межелігінен асып түседі: бұл оқшулылардың тамақтануы, қонақүйлерде тұруы, автомобильдерге жанар-жағар май құю, кәде сыйлар сату.

"Жібек жолы" раллиі үш ел - Ресей, Қазақстан және Қытай экономкасына мультипликативті ықпал ететін мемлекеттер арасындағы тығыз байланыстырушы дәнекер болды.       

"Трансконтинеттік марафонның жалпы аудиториясы әлем бойынша ретімен 10 миллион көрермендер мен оқырмандарды құрады. Қазақстанның елдік жарнамасына жұмсалған эфир уақытының шамаланған уақыты 2 млн долларға теңелді. Бұл ретте мемлекеттік бюджеттен бір теңге де шығындалған жоқ", - деп мәлімдеді "Қазақстанның спорттық технологиялары" ЖШС PR-директоры Марлен Бейсебаев.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама