Қазақстан Сириядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қайрат Омаров. © twitter.com/UnitedNationsRU

?аза?станны? Біріккен ?лттар ?йымы жанында?ы т?ра?ты ?кілі ?айрат Омаров Сирияда?ы жа?дай?а арнал?ан Б?? ?ауіпсіздік Ке?есіні? отырысында тараптарды Б?? Жар?ысын ж?не халы?аралы? ???ы?ты б?збау?а ша?ырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Сириядағы жағдайға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырады. Біз Думадағы химшабуылдарға қатысты жағдай бойынша БҰҰ ҚК мүшелері арасындағы бірліктің жоқтығына алаңдаушылық танытамыз. Қазақстан химқаруды қолдануды айыптайды және зерттеу жүргізу қажет деп есептейді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Омаров Сириядағы жағдайды саяси реттеу жолдарын іздестіру бойынша Астана және Женева процестерінің міндеттерін одан әрі қолдау керек екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 14 сәуірде таңертең АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері сириялық үкіметтік нысандарды зымырандармен атқылады, олардың ойынша, сол нысандар химиялық қаруды өндіру үшін пайдаланылады. Сирияға жүзден аса зымыран тасталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама