Қазақстан тас жолдарында ертеңнен бастап ауыр жүк тасымалына шектеу қойылады

© pixabay.com

?аза?станда 2018 жылды? 1-наурызы мен 1-мамыры аралы?ында республикалы? автомобиль жолдарында ауыр ж?к тасымалдайтын к?лік ??ралдарыны? ?оз?алысына уа?ытша шектеулер ?ойылады, - деп хабаралайды Тengrinews.kz тілшісі ?Р Инвестициялар ж?не даму министрлігіні? сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанда 2018 жылдың 1-наурызы мен 1-мамыры аралығында республикалық автомобиль жолдарында ауыр жүк тасымалдайтын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер қойылады, - деп хабаралайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап. 

Белгіленген мерзімде жеке, қосарланған және үш қабат білік жүктемелері келесі көрсеткіштерден аспауы қажет.

Реклама
Реклама

Наурыз айының 23-і мен мамыр айының 1-і аралығында IV климаттық аймақтарға (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан,  Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстары) шектеулер енгізіледі. Ал наурыз айының 1-нен сәуір айының 1-не дейін V климаттық аймақтарға (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары) шектеулер енгізіледі.

Бұл уақытша шектеулердің жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдайтын автокөлік құралдарына, төтенше жағдайды алдын ала алу және жою шараларына, зардап шеккендерге гуманитарлық көмекке, азық-түлік/жолаушыларды және багаж/медикаменттерді, жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына қатысы жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама