Қазақстан украиналық АЭС үшін отын өндіруді жоспарлап отыр

© "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ

"?азатом?нерк?сіп" ?АК" А? бас?арма т?ра?асы Ас?ар Ж?ма?алиев Украинаны? энергетика ж?не к?мір ?нерк?сібі министрі Игорь Насаликпен украиналы? реактлорлар?а арнап ядролы? отын ?ндіру м?селелерін тал?ылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен украиналық реактлорларға арнап ядролық отын өндіру мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан жағы украиналық әріптестеріне уран өндіру және оны өңдеуге арнап отандық Жоғары технологиялар институты әзірлеген мобильді кешендерді пайдалануды ұсынды. Ықшам және күрделі құрылыс салуды қажет етпейтін бұл кешендердің артықшылығы әсіресе, уран қоры шағын учаскелердегі жұмыстар үшін аса маңызды.

Асқар Жұмағалиев айтып өткендей, "біз инжинирингті жеткізуден бастап толық аяқталған мобильді кешендерді табыстауға дейінгі кез келген қызмет түрін көрсетуге дайынбыз".

Реклама
Реклама

Кездесу барысында сондай-ақ, Қазақстанға ион алмастырушы шайырлар жеткізу, украиналық АЭС-ларының қажетін қанағаттандыру үшін жылу бөлгіш құрамалар шығару және т.б. мәселелер көтерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар айтылған мәселелердің барлығын бірлескен жұмыс тобы аясында егжей-тегжейлі қарап шығуға келісті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама