Қазақстан ҰҚК Қытаймен ынтымақтастықты күшейтіп жатыр

© Тұрар Қазанғапов

?Р ??К т?ра?асы К?рім М?сімов ?ытай Халы? Республикасыны? делегациясы мен ?о?амды? ?ауіпсіздік министрі Го Шэнкунмен Астанада кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ?ытай Халы? Республикасы Астана?а Шанхай ынтыма?тасты?ы ?йымы хатшыларыны? 12-кездесуіне келген болатын.

ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасының делегациясы мен қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунмен Астанада кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Қытай Халық Республикасы Астанаға Шанхай ынтымақтастығы ұйымы хатшыларының 12-кездесуіне келген болатын.

Тараптар терроризмге қарсы, трансұлттық қылмыстық қауымдастық және есірткі бизнесімен күрес, сондай-ақ кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

ШЫҰ қатысушы елдер арнаулы қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейтудің кейбір аспектілері қарастырылды. Сондай-ақ, ШЫҰ кеңістігінде терроризм, сепаратизм және экстремизмнің жолын кесу саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында бірлескен іс-шараларды нығайту келісілді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама