Қазақстан волейболшылары Азия кубогын жеңіспен бастады

Қазақстан волейболшылары Азия кубогын жеңіспен бастады Фото volley.kz сайтынан алынды

Қазақстан волейболшылары Азия кубогын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың мәлімдеуінше, волейболдан Қазақстанның қыздар құрамасы Азия кубогының алғашқы жарысында Жапония командасын тізе бүктірді. Еске салайық, Азия кубогы бұл күндері Қытайда өтуде.  

Айта кетейік, алғашқы екі партия қазақстандық спортшылар үшін оңай болған жоқ. Алайда олар екі доп айырмашылығымен алға шықты. Есеп: 25:23, 25:23. Ал үшінші партияда Қазақстан құрамасы 18:25 есебімен Жапония командасын ойсырата жеңді. Осылайша олар Жапония құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, алға шықты. 

Реклама
Реклама

Енді келесі жарыста қазақстандық волейболшы қыздар 7 қыркүйек күні Тайланд құрамасымен кездесетін болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама