Қазақстан халқының саны 17 млн 207 мың адам болды

©Марат Әбілов

Қазақстанда халықтың саны 17 млн 207 мың 6 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловқа сілтеме жасап. 

"2014 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша, ел халқының саны 17 млн 207 мың 6 адамды құрады, соның ішінде, қала халқының саны - 9,4 млн, ауыл халқы 7,7 млн адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы мәліметпен салыстырғанда, биылғы қаңтар-ақпан айларында тұрғындардың саны еліміз бойынша тұтас алғанда 42,4 мың адамға немесе 0,2%-ға артты", - деді Смайылов брифингте.

Оның мәліметінше, 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында АХАТ органдары 64,5 мың адамның туылғанын тіркеген, бұл 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда, 2,9%-ға аз, бұл 2013 жылдың қаңтарымен салыстырғанда биыл тууды кеш тіркету фактілерінің аздығымен байланысты.

Реклама
Реклама

Ведомствоның мәліметінше, аталған кезеңде өлгендер саны 22,8 мың адам болған, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 8,8%-ға аз. Қарастырылып отырған кезеңде республикада 1 жасқа дейінгі 756 сәбидің қайтыс болғаны тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 9,7%-ға азайған.

"Сәбилер өлімінің негізгі себептері - перинаталдық кезеңдегі жағдайлар, олардың салдарынан 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында 404 сәби қайтыс болды, бұл - қайтыс болған нәрестелердің жалпы санының 53,4%-ы", - деді агенттік төрағасы.

Смайыловтың айтуынша, 2014 жылдың есептік кезеңінде АХАТ органдары 20,2 мың некені тіркеуге алған. 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға келген азаматтардың қатары 3,2%-ға ұлғайып, 3313 адамды құраған. Ал елден кеткендердің саны 0,4%-ға өсіп, 2660 адамды құрады, көші-қон сальдосы 653 адам болды. Негізгі көші-қон - ТМД елдерімен арада.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама